«Кенбай орта мектебі» КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы  «Мемлекеттік білім  беру  ұйымдарының бірінші  басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту  туралы» №57 бұйрығына  сәйкес уақытша  бос лауазым орындарына, яғни Бастауыш сынып мұғалімі 1 ставка  (16 сағат), бастауыш сынып мұғалімі 1 ставка  (16 сағат), бастауыш сынып мұғалімі  1 ставка  (16 сағат) мамыр айына дейін, Қазақ тілі 1 ставка (16 сағат) мамыр айына дейін конкурс жариялайды.

  Конкурсқа қатысуға ниет  білдірген педагогмамандар хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін  жолдайды.

 1.Конкурсқа қатысу  туралы өтініш;

 2.Жеке  басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;

  3.Кадрларды  есепке  алу бойынша толтырылған жеке  іс парағы  (нақты тұрғылықты  мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса)

 4.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген  лауазымға  қойылатын біліктілік талаптарына  сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5.Еңбек  қызметін растайтын құжаттың  көшірмесі (бар  болса)

 6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке  алу құжаттамасының нысандарын  бекіту  туралы» Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін  атқарушының 2020  жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан  бойынша  денсаулық жағдайы туралы анықтама.(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);

  7.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  8.Наркологиялық ұйымнан анықтама;

  9.Соттылығы  жоқ екендігі  туралы анықтама;

  10.Ұлттық біліктілік тестілеу  сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы  куәлік (болған  жағдайда);

 11.Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;

 12.Конкурсқа  қатысушы бар  болған жағдайда біліміне, жұмыс  тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты  (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады;

    Конкурсқа қатысушылардың құжаты конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қабылданады. 

 Конкурс 20 қазан күні өтеді. Атырау  облысы, Қызылқоға  ауданы Сағыз ауылы, Ш.Избасов көшесі, 3 үй. Телефон (71238) 71-3-96+7701 4847869 мектеп директоры, +7778 602 1828 іс-қағаз  жүргізуші.Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. «Кенбай орта мектебі» КММ конкурс құжаттарын  осы мекенжайға жіберулеріңіз сұралады.