Аудандық  білім бөлімі

басшысы А.Бағдаровқа

 

Кенбай орта мектебі, аудандық білім бөлімінің 2020 жылдың 8 қаңтар күнгі №07-07/8  санды қатынасына сай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, ішкі талдау нәтежесінде анықталған мәліметті, жүргізілген талдау интернет сайтқа орналасқандығын қаперлейді.

 

 

Кенбай орта мектебінің  2019 жылғы қыркүйек- желтоқсан аралығындағы сыбайлас жемқоррлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтежелері бойынша талдамалық анықтама.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес , Кенбай орта мектебінің директоры Б Омаровтың  № 190   бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды.Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізілді.              

   1.Мектеп қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық фактілер.

   2.Мектепке қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері.

   3.Мектепке келіп түскен жеке және занды тұлғалардың өтініштері.

   4.Ұсынылуына Қазақстан Республикасының бастамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Кенбай орта мектебі» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы No222 қаулысымен алынған 2012 жылы 21желтоқсандағы  No33-1915-06-MM Ереженің негізінде жұмыс атқарады.

Жалпы қызметкерлер саны  оның ішінде мұғалімдер саны 85 тех. қызметкерлер саны-50.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде Кодекстер,Заңдар,нормативті құқықтық актілер басқа да құқықтық актілерді басшылыққа алып қарастырылды.

Мектепте мемлекеттік қызмет көрсетіледі;

 

1) Жартылай жетім қалған баланың жай- күйін зерделеу;

2) Мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну;

3) Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау жолдама беру;

4) Міндетті оқу қорының жұмысын саралау;

5) Дамуына проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;

6) Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету;

7) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

8) Дамуына проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;

9) Мүмкіндіктерді шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету;

10) Бастауыш, негізгі орта жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін бағыныстылығына қармастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

11) Бастауыш, негізгі орта жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау;

12) Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттырын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау;

13) Бастауыш, негізгі орта жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйден жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар дайындау;

14) «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

15) Бастауыш, негізгі орта жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды дайындау, ұсыну;

16) Қамқоршылық кеңестерінің атқарған жұмыстары.

17) «Мектепке жол» қайрымдылық акцияларының жүзеге асырылуы, орындалысы.

 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің уақытынан кешіктіріліп орындалғаны болған жоқ.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат аудандық білім бөліміне беріліп отырады.

«Кенбай орта мектебінде» мемлекеттік мекемесіне келіп түскен өтініштер жоқ. Бұхаралық ақпарат құралдарында мектептің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ. Білім бөлімінде бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың анықталып қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік  сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіледі. Осыған орай, барлық мемлекеттік  сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар  конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттік сатып алу иеб-порталы арқылы ашық түрде өткізіледі. Есептік кезеңде Білім бөлімінің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

«Кенбай орта мектебінде» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекерлері анықталмады. Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

 

Мектеп директоры:                                  Б.Омаров

 

 Дайындаған: Б.Үркімбай