Омаров Бекбол Ақбергенұлы

«Кенбай орта мектебі» КММ -нің директоры

 

Омаров Бекбол Ақбергенұлы 1978 жылы маусым айының 13-ші жұлдызында, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келді.

1985 жылы Миялы ауылындағы Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектепке 1сыныпқа қабылданып, 1995 жылы Сағыз ауылындағы №74, қазіргі №9 орта мектепті тәмамдады.

1995 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау педагогикалық мемлекеттік университетіне түсіп, аталған оқу орнын 1999 жылы «Тарих және құқ» мамандығы бойынша бітірді. Сол жылдардан бастап өмір жолына араласып, Миялы селосындағы шағын мөлтек ауданындағы №1 негізгі мектептен қызметті бастаған. 2001 жылдан бастап Сағыз ауылындағы аудандағы іргелі мектептердің бірі Кенбай орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып  ауысты. Сол жылдардан бері Кенбай орта мектебінде тарих пәнінен шәкірттерге дәріс беріп, 2007 жылы  18  қыркүйекте    директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне  тағайындалып, 2016  жылға  дейін  атқарып  келді. Қазіргі  таңда  2016  жылдан  бері  Кенбай  орта  мектебінің  директоры  болып  қызмет  етіп  келеді. Отбасылы, 3 қыз тәрбиелеуде

Қызмет етуде көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтсақ, 2009 жылы, Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттың ұйымдастыруымен өткен облыстық «Үздік ұйымдастырушы – 2009» сайысына қатынасып, І орын иеленіп, «Ұйымдастырушы-тәрбиеші-стратег» атағымен марапатталған:

2009 жылы, Конвенцияның 20 жылдығына орай өткізілген аудандық дебат турнирінде белсенділік танытқаны үшін Атырау облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Алғыс хатымен марапатталған.

2009 жылы ауданның білім саласын дамытудағы және партияның оңтайлы саясатын жүргізудегі белсенді қызметі үшін «Нұр Отан» халықтық партиясының Қызылқоға аумақтық филялының Алғыс хатымен марапатталған.

2009 жылы, аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен «Үздік ұйымдастырушы – 2009» аудандық байқауына қатынасып, «Бас жүлдені» иемденіп, «Үздік ұйымдастырушы» атағына ие болған.

2010 жылы, Облыстық білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

2011 жылы, «Жеке тұлғаға бағытталған білім беруде оқытудың педагогикалық технологияларын пайдалану жолдары» тақырыбындағы ХІІ облыстық педагогикалық оқуларға белсене қатысқаны үшін Атырау облысы Білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталған.

2011 жылы, аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен «Заманауи білім беру технологиялары оқу-білім үрдісі нысандары мен әдістерін жетілдірудің білім сапасын арттырудың факторы» атты ХІІ аудандық педагогикалық оқуларға қатынасып, жүлделі І орынды жеңіп алған.

2012 жылы, Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының Алғыс хатымен марапатталған.

2013 жылы Атырау облысы білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен Облыстық «Біз еліміздің болашағы» атты ең үздік наркобекеттер байқауына қатынасып,

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.

2017 жылы «Өрлеу» Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттың ұйымдастыруымен өткен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ізденіс» тақырыбындағы облыстық педагогикалық фестиваль жұмысында ерекше шығармашылық іс-тәжірибесін көрсеткені үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.

2019 жылы Адалдық алаңының ұйымдастыруымен Қоғамда ашықтық пен сенімділік, парасаттылық қағидаларын қалыптастыру және үлгілі мектеп басшысын анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Парасатты мектеп басшысы» облыстық байқауына қатынасып, жүлделі І орын иеленіп, «Парасатты мектеп басшысы» атағымен марапатталған.                                                                                              


ӘДІЛ ДӘМЕТКЕН ҚАЛЫБАЙҚЫЗЫ

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, «Кенбай орта

мектебі» КММ -нің директорының оқу ісі жөніндегі

орынбасары, биология пәні мұғалімі

 

Әділ Дәметкен Қалыбайқызы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылындағы Кенбай орта мектебінде ұзақ жылдан бері жұмыс жасайды.  1986 жылы Гурьев педагогикалық институтын «Биология және химия» мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары. 2010 жылдан бері оқу ісі меңгерушісі болып жұмыс жасайды. Биология  пәнінен сабақ береді. Еңбек өтілі 34 жыл. "Жоғары санатты. 2019жылы "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатын алған.

Оқытқан  шәкірттерінің  білім сапасы жоғары. Оған дәлел  оқушылары  аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Жұмыс жасаған жылдары жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда 2016жылы " Инноватор меңгеруші-2016" облыстық байқаудан ІІІ орын,

2017жылы облыстық «Білім беру ұйымдарын дамытудың стратегиялық басымдықтары мен бағыттарын айқындаудағы ізденіс» тақырыбында мектепті дамыту жоспары байқауынан "Алғыс хат", 2018жылы" Биология  пәнін  оқыту үдерісінде  зияткерлік  технологияларды  қолданудың  негіздері" тақырыбында  халықаралық  дәрежеде  өткен ғылыми-тәжірибелік  конференцияға  қатысып жүлделі ІІ орын, 2018жылы "Білім беру  жүйесін дамыту: тәжірибелері, мәселелері, шешу жолдары" тақырыбында өткен халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференциядан І орын иемденді.

2017жылы Атырау облыстық білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен», 2019 жылы "Алгоритм " ғылыми-әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық  ұстаздар арасындағы "Үздік сабақ" конкурсынан ІІІ орынмен марапатталды.

Баспасөздерде  "Биология салауаттану негіздері",  "Биолог"  анықтамалығы журналдарында  сабақтары мен мақалалары  жарық көрді.

Атырау  облыстық мұғалімдер энцеклопедиясына енген.

2014жылы Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрінің « БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ » төсбелгісі мен 2019жылы Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрінің " Құрмет грамотасымен" марапатталған.


     Жумабаева Фариза Умаргалиевна   

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, «Кенбай орта

мектебі» КММ -нің директорының бейіндік оқыту

орынбасары, физика және информатика пәні мұғалімі

 

Жумабаева Фариза Умаргалиевна    1984 жылы 18 сәуірде Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,  Сағыз ауылында дүниеге келген. 2001-2005 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын физика және информатика мамандығын қызыл дипломмен аяқтап, 2006 жылдан бастап Кенбай орта мектебінде қызмет етеді. 2009 жылдан бері директордың бейіндік оқыту орынбасары, физика және информатика пәнінің жоғары санатты мұғалімі. 2019 жылы педагог-зерттеуші біліктілігін алды.  Еңбек өтілі  16 жыл. Осы мектепте жұмыс жасауда көптеген жетістіктерге жетуде.

Атап айтсақ,

 

 -2014 жылы аудандық педагогикалық оқудан І орын, облыстан ІІІ орын

 -2014 жылы облыстық Білім беру басқармасының Құрмет грамотасы

 -2016 жылы өмірбаяны «Қазақстан ұстаздары» энциклопедиясына енген (№4, 2016 баспа)

 -2017 жылы оқушысы Берекет Аружан аудандық, облыстық ғылыми жоба жүлдегері.

-2020 жылы облыстық «Өрлеу»  БАҰО ұйымдастыруымен «Үздік бейне сабақ» сайысынан ІІ орын

 -2020 жылы облыстық «Педагогикалық идеялар панорамасы» фестивалінен ІІІ орын иеленген.

-2020 жылы аудандық физика пәні мұғалімдері олипиадасынанан І орын, облыстан сертификат иеленген.

-2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

-2021 жылы аудандық педагогикалық идеялар фестивалінен І орын иеленген.


Қарабалина Ақбөпе Амангелдіқызы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, «Кенбай орта

мектебі» КММ -нің директорының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары, музыка пәні мұғалімі

 

Қарабалина Ақбөпе  Амангелдіқызы 1964 жылы  19 мамырда Гурьев  облысы,Қызылқоға ауданы,Қаракөл селосында дүниеге келген. Қаракөл орта  мектебін бітіргеннен кейін Гурьев педагогикалық  институтын, одан кейін Алматы қаласындағы, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген. 1988 жылдан бері Кенбай орта мектебінде мұғалім болып еңбек етіп, оқушыларға музыка  пәнінен дәріс  беріп келеді. Жанұяның шырағы, көп балалы ана.Алдында мектеп партасында отырған әр баланы өзімнің балам деп қарайды,өз балалары мен қоса олардың да өнерін ұштап,барша ел мен  халыққа танытып келеді.Өнердің  отаны- ауыл деп біледі.Ол өз әріптестерімен, ата-аналармен, оқушылармен, жұртшылықпен жақсы жылы қарым-қатынас жасайды. Ұстаздың  іс тәжірибесі аудан,облыс, республика  мектептері арасында тараған. Ол өз ісін жетік білетін,тәжірибелі маман.Ол тек ұстаздық қызметпен ғана шектелмей,Сағыз селолық әйелдер кеңесінің төрайымы,Шұғыла мәдениет үйінің клуб мүшесі. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сырт келбеті ұқыпты. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш. Өмірде қарапайым, моральдық жағынан ұстамды жан.Жұмыста білікті, мақсатқа талпынушылық  пен тәртіптілікті қатаң ұстайды.Қызметтік міндеттерін адал орындайды, табандылық пен бастамашылық байқатады,жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді. Алдында тұрған міндеттерді шешуге басшылық,шығармашылық жұмыстарды  шебер бағыттайды. Өзіндік ерекшеліктері – іскер, ұстамды, алдына талап қоя алатын, ісіне мұқият ұстаз. Өзінің жұмыс жасаған жылдарында Ақбөпе Қарабалина үздіксіз іздену мен тиянақты еңбектенудің нәтижесінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізді.  Білім беру жүйесіндегі  шығармашылық еңбегі мен оқушыларының  республикалық мүшайралар мен байқауларда қол жеткізген табыстары үшін,аудан,облыс әкімдерінің  Алғыс хаты, облыстық білім басқармасының Құрмет Грамоталарымен, ҚР Мәдениет  және спорт  минстрлігінің  Дипломымен,  Халықаралық қазақ тілі қоғамының Құрмет грамотасымен ,Түркия мемлекетінің Алғыс хатымен,  ҚР Білім және ғылым  минстрлігінің “Балалар үшін” Алтын жұлдыз төсбелгісімен, Халықаралық “Бейбітшілік әлемі” қазақ творчестволық  бірлестігінің Алтын медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы 380 қаулысымен «Тәуелсіздікке 25 жыл» мерекелік медалімен ,ҚР  «Алтын қыран» республикалық  білім дамыту және мәдени шығармашылық  орталығының «Әлихан Бөкейханов – 150 жыл» төсбелгісімен марапатталған.Облыстық «Ұлттық құндылықтар жеке тұлғаға бағытталған сабақтың ажырамас бөлігі»конференцияға қатынасып,еңбегі жинаққа енген«Тәрбие жұмысының моделі:инновациялық тәсіл»атты семинар өтіп,шығармашылық жұмысы  үшін облыстық білім беру басқармасы,әдістемелік кабинетінің Алғыс хатымен марапатталған. Республикалық «Тәрбие мен білім берудегі инновация:ізденіс және даму перспективалары» атты ғылыми –тәжірибелік конференцияға қатысып,еңбегі конференция жинағына енген.

2020 жылы республикалық ХАБАР Агенттігі ұйымдастырған  «Шаңырақ шаттығы»жанұялық байқауында Музыкалық продюссер атағын иеленген.Республикалық ІІ Абай оқуларында шәкірттері жоғары жетістікке жеткені үшін республикалық Қазақ мектебі әдістемелік журналының Алғыс хатымен марапатталған.Жанұялы. Көп балалы ана.